Павлодар облысында 10 ай ішінде ұялы телефон ұрлығына қатысты 641 қылмыс тіркелді
ПАВЛОДАР. 10 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында 10 ай ішінде ұялы телефон ұрлығына қатысты 641 қылмыс тіркелді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Ұялы телефонға қатысты 276 қылмыс ашылды.
Бір-екі мысал, «Азарис» дүкенінде 33 жасар павлодарлық дүкен сатушысынан «Сименс» ұялы телефонын жымқырып кетті. Екібастұзда үш белгісіз азамат қызды қорқыту арқылы оның «Нокиа» телефонын тартып алған.
Осы және өзге де фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.