Павлодар облысында 13 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - 2017-2018 оқу жылында Павлодар облысында 13 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды.

Павлодар облысында 13 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

 Өткен жылмен салыстырғанда 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны шамамен 500-ге артқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім еткен. - Аудандық, қалалық білім беру бөлімдері мен облыстық мамандандырылған мектептердің алдын ала мәліметтері бойынша жаңа оқу жылында Павлодар қаласының білім ордаларына баратын балғындардың саны төрт мыңнан асты. Өткен жылы өңір бойынша 1-сынып оқушыларының саны 12528 болса, 2015-2016 оқу жылы 11758-ді құраған. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 1-сыныпқа алты және жеті жасқа толған балалар қабылданады. Қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігі балаларын жеті жастан бергенді жөн көреді, - дейді Жомарт Қарамбаев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірдегі мектептер саны - 375. Оқу жылының соңында оқушылар саны  96376 баланы құраған.