Павлодар облысында 18 гектар орман алқабы өртенді - ТЖМ

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысында орман өрті орын алды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдай кеше 22 сәуір күні Лебяжі ауданының маңында орналасқан Көкжал орман шаруашылығы аумағынан шықты. Министрліктің хабарлауынша, от жалыны шарпыған алаң 18 гектарды құрайды. Тілсіз жау салдарынан құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға «Ертіс орманы» басқармасының жеке құрамынан 93 адам, 28 техника бірлігі және бір тікұшақ, Майлыбай және Майқарағай ауылдық округтен 10 адам мен 2 техника бірлігі және Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар