Павлодар облысында 180 тонна газ тиелген автоцистерна жолдан шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында Успен ауылының солтүстігінен үш шақырым қашықтықта 18 тонна сұйылтылған газ тиелген "SСANIA" маркалы автоцистерна жолдан шығып кетті.
None
None

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, көлік Павлодар-Новосібір бағытында жолға шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен, апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен бес адам мен үш техника, К-700 тракторы жұмылдырылған. - Қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, көлік жолдың жиегінен тас жолға шығарылды. Абырой болғанда, газ сыртқа төгілмеген. Автоцистерна сағат 10-да Новосібір бағытында сапарын жалғастырды, - деп жазылған хабарламада.   

null null  

Соңғы жаңалықтар