Павлодар облысында 2019 жыл басталғалы бес адам өрттен көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл басталғалы Павлодар облысында 18 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ТЖД өрт саласындағы қауіпсіздікті бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Әлімқан Қайыркелді мәлім етті.

- Биылғы жылы сегіз күннің ішінде өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, - деді Әлімқан Қайыркелді. - Бес адам жарақат алды. Ал, 2018 жылы өңірімізде 873 өрт тіркелді. Оқыс оқиғалардан келген материалдық шығын 110 миллион 436 мың теңгені құрады. Өртте 34 адам көз жұмып, 33 адам жарақаттанды.

Әлімқан Қайыркелдінің айтуынша, 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда өрт саны 7 пайызға азайған. Адам өлімі 36 пайызға көбейіп, материалдық шығын 9 пайызға төмендеген.

- Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өткен жылы азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері жергілікті полиция өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағындағы тұрғын үй секторының 101 мың 751 ауласын аралады. Нәтижесінде 225 мың 503 адам қамтылды. Аулаларды аралау барысында тұрғындар арасында пеш құралдарын орнату және қолдану барысындағы өрт қауіпсіздігі, электр құралдары мен газбаллон құрылғыларын қолдану ережелері, талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары мен ПИК өкілдері 24 мың 878 адамды қамтып, 949 жиын өткізген.

Соңғы жаңалықтар