Павлодар облысында 40 жастағы жолаушы көлік апатынан мерт болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Павлодар облысында 40 жастағы жолаушы көлік апатынан мерт болды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Оқиға 25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында болған.

47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүріп жатыр.