Павлодар облысында 450 тонна шөп өртеніп кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Евгеневьевка ауылында кеше түнде «Сергей» шаруашылық қожалығы аумағында 3 мая шөп жанып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Өрт толығымен 18 сағаттан соң сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 3 техникасы, Шұғыл өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Жалын шарпыған аумақ 1,5 гектарды (450 тонна шөп) құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.