Павлодар облысында 50 көлік қар құрсауында қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығынан 50-ге таяу көлік  мемлекеттік шекара маңында, Шарбақты және Құлынды (РФ) арасында қар құрсауында қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі көргендерге сілтеме жасап.
None
None

 «Адамдар Ресеймен арадағы шекарада, Шарбақты-Құлындыда трассада төрт сағаттан бері тұр, павлодарлық  төтеншеліктер ешнәрсе істемеуде»,- деп мәлім етті Сергей есімді азамат. Адамдар ( 50 автомобиль) қар құрсауында қалды. Адамдар Құлындыдан шыққан. Олар жолды тазартуда.  Жұрт біздің территорияда тракторды да аяйтынын қайдан білсін».

Сергей мен оның досы Константин Барнауылдан қайтып келе жатқан. Олардың айтуларынша, ол жақта бұрқасын баяулау әрі жолды тазартуға үлгеріп те жатыр.  Шекарадан өткен соң  алапат боран салдарынан амалсыз тоқтауға мәжбүр болған.

« Бәрі бекетте тоқтап тұр, ТЖ-ға қоңырау шалдық. Осыдан төрт сағат бұрын кенттен трактор жіберуге уәде еткен еді, адамдар өздері қарды аршуда. Павлодардан кеден бағытына қарай шамамен 20 машина  тұр. Мүмкін одан да көп. Қараңғы. Ешнәрсе көрінбейді».

Соңғы жаңалықтар