Павлодар облысында 58 жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып алған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында биылғы жыл басынан бері көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алған 58 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында 58 жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып алған

«Аталған бұзушылық ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігінде қарастырылған. Бұл, 20 АЕК мөлшерінде (58 340 теңге) айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалға, Павлодар қаласында сағат 22:00-де Торайғыров көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін Toyota автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 595-бабының талаптарын бұзған.

«Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді», - делінген мәліметте.