Павлодар облысында 6 мыңға жуық жаяу адам жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 6 мыңға жуық жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жаяу адамдар жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін жауапқа тартылады, өйткені мұндай әрекет жол-көлік оқиғасы қаупін туындатады.

Полицейлер жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін еске салады, себебі жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншіге де, көлік жүргізушісіне де байланысты. Екі жақта да тәуекел бар.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін бірқатар негізгі ережелерді сақтау қажет.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен, ал олар болмаған кезде жол жиектерімен қозғалуы тиіс.

Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінде көлік жүретін бөлікке жақындап келе жатқан автомобильге дейінгі қашықтықты, олардың жылдамдығын бағалап, өту қауіпсіз болатынына көз жеткізгеннен кейін шыға алады.


Соңғы жаңалықтар
telegram