Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты істі тергеу басталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты істі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайты.

Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты істі тергеу басталды

Өлімге әкелген белгісіз сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды. «Полиция анықтағандай, 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты тұтынып, салдарынан жеті адам көз жұмған. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сұйықтықтың шыққан жері белгісіз, Ертіс ауданының тұрғынынан алынған ыдыста сақталғаны анықталды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау, қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып қалды. Алдымен 5 адам қайтыс болды. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы 2 пациент көз жұмды. Олардың барлығы Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған (шығу тегі белгісіз) сұйықтықты ішкені анықталды.