Павлодар облысында 70 мектеп заманауи спорттық құралдармен жабдықталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының орташа білім беру ұйымдарының арасында «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Биіктерге бірге!» атты байқау жариялады.
None
None

 Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше,  өңір басшысының қолдауымен өткізілетін байқаудың мақсаты - балалар және жастар арасында салауатты өмір-салтын дәріптеу, көшбасшылық қабылетті дамыту және мектептерде жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес спорттық құралдарды сапалы жаңарту. Барлық қатысушы-мектептер дипломмен марапатталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

 Бейнеролик түрінде жіберілген сұранымдар байқау сайтында жарияланады. Жеңімпаз атанған 70 мектеп спорттық құралдар мен оны пайдалануға арналған әдістемелік алады. Байқауға қатысу сұранымдары 2017 жылғы 13 сәуірге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Ак. Шөкин көшесі, 146, «Жергілікті оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы». Сондай-ақ байқау туралы толық ақпаратпен және оның регламентімен www.meninelim.kz сайтында таныса аласыз. 

Соңғы жаңалықтар