Павлодар облысында 9 ХҚКО-ны модернизациялау аяқталды - А.Жұмағалиев

 АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 9 ХҚКО-ын жаңарту аяқталды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев өзінің «электрондық үкіметтегі» блогында мәлім еткен.

Павлодар облысында 9 ХҚКО-ны модернизациялау аяқталды - А.Жұмағалиев

Павлодар облысының 9 ХҚКО осы аптадан бастап жұмыстың жаңа форматына көшті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңарту процесі өткен  жылы, Елбасының тапсырмасы бойынша басталған еді. Эксперимент ретінде Мирзоян көшесіндегі астаналық ХҚКО-ның жұмысын қайта құрып, күткен нәтижеге қол жеткіздік: кезек саны күрт азайып қызмет көрсету сапасы жоғарылады.

Дәл осы орталықта тұңғыш рет кедергісіз  қызмет көрсету мен электрондық кезек енгізілді, жұмыс атқаратын кеңістік оңтайландырылып, ішкі бизнес-процестері қайта құрылымдалды. Сонымен қатар, клиенттер қызмет көрсету процесіне жұмылдырылған қызметкерлердің жұмысын бағалау мүмкіндігіне ие болды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұңғыш рет «электрондық үкімет» бұрыштары мен балаларға арналған ойын алаңдары пайда болды.

Өткен жылы бұл тәжірибе Алматы, Астана және облыс орталықтарының 28 ХҚКО-нда қолданылды. Бүгінгі таңда оларға Павлодар облысының тағы 9 орталығы қосылды, жақын арада осы өңірдің 4 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңаша жұмыс істей бастайды. Келесі кезеңде Ақмола және Қарағанды облыстарының ХҚКО-ның жаңарту аяқтауды жоспарлап отырмыз.

 Жылдың аяғына дейін бұл процесс республикамыздың барлық ХҚКО-рын қамтитын болады, делп жазылған министрдің блогында.