Павлодар облысында әкім жылу трассасының құбырын бұзып әкетуге рұқсат берген
«Мемлекеттік қызмет департаменті Шарбақты ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындарынан түскен өтініш бойынша тексеру жүргізді. Өтініште көрсетілгендей, 2019 жылдың қараша айында белгісіз тұлғалар Шарбақты ауданы ауылдық округі әкімінің рұқсатымен ауылдағы ескі жылу трассасының құбырларын бұзып, тиеп әкеткен», – деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен.
Тексеріс барысында құбырларды бұзуға қатысты заңсыздықтар дәлел тапқан.
«Коммуналдық меншікке берілген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Алайда азаматтық заңнаманы бұза отырып, азамат А.-ға құбырларды бұзуға және оларды әкетуге рұқсат берілген», – деді департаменттен.
Сондай-ақ тексеру барысында азамат А. Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) ақпараттық жүйелер дерекқорында кәсіпкер ретінде тіркелмегені анықталды. Осыған байланысты заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан оған қатысты ақпарат МКД-ға жіберілген.
Департамент ауылдық округ әкімінің тәртіптік жауапкершілігі Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралатынын атап өтті.