Павлодар облысында астық жинау науқаны басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында астық жинау науқаны басталды, деп хабарлайды pm.kz.
Биыл Ертіс маңында 676,6 мың га аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 10 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 3,5 мың га егіс алқабы жиналып, астық өнімділігі 9,7 ц/га құрады.
Қазіргі таңда Павлодар облысы күзгі-далалық жұмыс басталған 7-ші өңір. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық ору науқаны қызу жүріп жатыр.
Жалпылай алғанда, республика бойынша 10 тамызға 731,8 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,7 ц/га, ал бастырылған егін 1590,4 мың тоннаны құрап отыр.