Павлодар облысында ат бәйгесі ұйымдастырылды
Достық ауылдық округінің әкімі Рүстем Жақсылықовтың айтуынша, шабандоздар бәсекесі тай, құнан және тоқ бәйге түрлері бойынша ұйымдастырылған.
"Тай бес шақырым, құнан 10 шақырым ал тоқ бәйгенің жүйріктері 15 шақырым қашықтықта шапты. Нәтижесінде тай бәйгесінде Май ауданы Малайсары ауылынан келген Бекен Ерғазиновтың жүйрігі бірінші болып келсе, құнан бәйгеде Ақсу қаласы М.Омаров ауылының тұрғыны Құрмет Өмірзақтың құнаны жеңіске жетті. Сондай-ақ, тоқ бәйге жүйріктерінің арасында Баянауыл ауданынан келген Руслан Нығмановтың тұлпары мәре сызығын бірінші болып кесті. Жүйріктердің иесіне медальдар мен ақшалай сыйлықтар берілді", - дейді Рүстем Жақсылықов.
Парамоновка ауылының спорт әдіскері Оимxан Жұмалxанның айтуынша, қос мерекенің құрметіне ұйымдастырылған аламанға ұлттық спорттың жанашырлары айрықша қолдау көрсеткен.
«Еліміздің Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күні қарсаңында ұлттық ат спорты жарыстарын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдық. Биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Биылғы бәйгенің жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар осы ауылдағы "Дария", "Парамоновка", "Гейн" және Пограничник ауылындағы "Абылай xан" шаруа қожалықтары басшыларының демеушілігімен берілді», - Оимxан Жұмалxан.