Павлодар облысында ауыл тұрғындары демалушыларды сабап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды көлінде жергілікті тұрғындар демалып жүрген адамдарды соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ауыл тұрғындары демалушыларды сабап кеткен

Оқиға тұзды көл саналатын Маралды көлінде тіркелген. Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бес күдікті ұсталды. Олардың барлығы да Шарбақты ауданы Көлбұлақ ауылының 36 мен 42 жас аралығындағы тұрғындары. Сараптама жұмыстары тағайындалып, тергеу амалдары басталды», - Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің бастығы Баян Мағзұмова.

Фотосурет: pavlodarnews.kz