Павлодар облысында ауыл тұрғындарын су тасқынына дайындауда

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Қашыр ауданында құтқарушылар жергілікті тұрғындарды көктемгі су тасқынына дайындауда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодар облысында ауыл тұрғындарын су тасқынына дайындауда

Қашыр аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары әкімдіктің өкілдерімен және №23 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен, жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, 348 ауыл тұрғынына тасқын кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үйретті.

Тұрғындарға ТЖ жағдайындағы  ережелер туралы ескертпелер таратты. Ал, Тереңкөл және Песчанский ауылдық округтерінде жиналыс өткізіп, үй-үйді аралап шықты.

Мұның барлығы тұрғындардың алдағы тасқын кезеңінде қажетті іс-әрекет жасауға, көктемгі маусымнан қауіп-қатерсіз шығуларына, адамдардың қаза табуына жол бермей, су тасқыны салдарынан келетін залалдардың алдын алынуы үшін жасалынуда. Осындай-іс-шаралар жалғасын табады.