Павлодар облысында барымташылар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Шарбақты ауданында полиция қызметкерлері ұрланған 14 бас ірі қараны айдап бара жатқан екі адамды қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында барымташылар ұсталды

«35 жастағы Павлодар облысының және 46 жастағы ШҚО тұрғынын құқық қорғаушылар із суытпай ұстады. Күдіктілер малды Шығыс Қазақстанның аумағында айдап бара жатқан. Мал иелеріне 3 млн 200 мың теңге шығын келтірілген», - деп хабарлайды ведомстводан.

ІІД-нің хабарламасына сәйкес, 46 жастағы күдікті бұдан бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта мал иелеріне қайтарылып, ұсталғандар уақытш оқшаулағышқа қамалған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің кінәсі дәлелденден жағдайда олар 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.