Павлодар облысында бес күн бұрын жоғалған балықшылардң денесі көлден табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Павлодар облысында бес күн бұрын жоғалған балықшылардң денесі көлден табылды

«10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздеу шаралары кезінде Қутаяқсор көлінен 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесінен соң шешім қабылданады», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұраған.

Оның айтуынша, 5 қазан күні сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігімен танысымен бірге балық аулауға кеткен. Осы уақытқа дейін олар үйіне оралмаған.

9 қазанда Кутояксор көлін жағалауынан УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақша, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды.



Фото:t.me/POLICE_of_KZ