Павлодар облысында білім бөлімі ғимаратының шатырын жел ұшырып әкетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қатты желдің салдарынан аудандық білім бөлімінің екі қабатты ғимаратының бір бөлігі шатырсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жел екпіні 184 шаршы метрлік шатырды жұлып әкетті. Бұл ғимарат 1967 жылы салынған, жалпы ауданы – 378 шаршы метр. Шатыры – ағаш қаптамадағы пішінді қаңылтыр», – деді төтенше жағдайлар депаратментінен.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін жел Павлодардағы ғимараттардың бірінің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Салдарынан электр желісі зақымдалды.