Павлодар облысында бір күнде 20 мың ағаш отырғызылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бір күнде 20 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

24 сәуірде Павлодар облысында ағаш отырғызу, су айдындарын қараусыз және заңсыз құрылған аудан тазарту, сондай-ақ тұрмыстық қалдықты жинау акциясы өтті. Бұл шараға 20 мыңға жуық адам тартылды. Акцияға облыстық әкімдік өкілдері, олардың қалалар мен аудандардағы әріптестері, балық инспекциясы қызметкерлері, кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер, оқушылар және облыстың қарапайым тұрғындары атсалысты.⠀

Облыста барлығы 20 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылып, қалалар мен аудандардың аумақтары 24 мың тонна қоқыстан тазартылды. Су қоймаларынан тағы 82 тонна қалдық шығарылды.
«Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында өткен ауқымды шара қоршаған ортаның ластануы проблемасына назар аудару үшін жасалған. Павлодар облысында «Таза Табиғат» аясында «Мекенім – жасыл орман», «Су көздерін ашу, бұлақтарды тазарту», «Бірге таза Қазақстан», «Таза су айдындары» сияқты акциялар өткізілді.

Соңғы жаңалықтар