Павлодар облысында бір күнде 367 адамнан өкпе қабынуы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Павлодар облысында 263 пациент ауруханаға жатқызылып, 135 пациент емделіп шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында бір күнде 367 адамнан өкпе қабынуы анықталды

Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«28 маусым, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысының барлық стационарларында 2188 адам жатыр. Оның ішінде 1412 - пневмониямен, 159 - ЖРВИ-мен түскен. Өткен сенбіде амбулаторлық емдеуге 823 науқас алынды, 158 адам шығарылды. Жалпы, амбулаториялық емдеуде жəне емханалардың бақылауында 3365 адам бар», - деді басқармада.

Бүгіннен бастап Павлодар темір жол ауруханасында 100 провизорлық орын ашылды. Осылайша, өңірде провизорлық төсек-орын саны 1852-ге дейін өсті.