Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір әйел мен бір жасар сәби мерт болды және төрт адам ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Павлодар-Семей автожолының 78 шақырымында «Мазда» автокөлігінің жүргізушісі бетоннан жасалған аялдамаға соқтығысты,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сәрсенбі күні, желтоқсанның 16-сында болған жол апаты салдарынан оқиға орнында автокөлік салонында болған бір жасар сәби тіл тартпай кетті. 2007 жылы туған екінші бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Сол күні Ленинск-Ертіс автожолының 4 шақырымында «ВАЗ» және «Тойота» автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ»-дың 56 жасар жолаушысы мерт болды, ал жүргізуші мен оның екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.