Павлодар облысында егістіктерге арамшөп қауіп төндіріп тұр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімдігінде көктемгі-егістік жұмыстарының қорытындыларын шығарды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысында егістіктерге арамшөп қауіп төндіріп тұр

Биылғы жылы аймақта егіс алқабы көлемі 1,217 млн гектарға жетті, бұл 2015 жылға қарағанда 72 мыңға артық. Бұл ретте 405 мың гектарда ылғал мен қорды сақтайтын технология енгізілген - бұл астық және майлы дақылдар егістіктерінің жартысына жуығы. Алайда, белгілі болғандай, дерлік барлық аудандарда арамшөпке байланысты қиыншылықтар бар. Аймақ басшысы егістік алқаптарының артуын атап өтіп, карантиндік арамшөппен күрес жүргізуді күшейтуді тапсырды.

«Аудандарды аралап шығып, егістіктердің көбі арамшөп қоршап алған. Аудан әкімдері бұл у кекіре екендігін айтып отыр», - деп атап өтті Болат Бақауов.

Павлодар ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өкілдері у кекіренің таралуы барлық жерде байқалып отырғанын растады. Бүгінде арамшөптің бұл түрі Екібастұз және Баянауыл ауданының ауылдық жерлерінде, сонымен қатар астық егетін аудандар - Ертіс, Қашыр және Железин аудандарында қаулап кеткен.

АШМ-нің облыстық аумақтық инспекциясында республикалық бюджет есебінен арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жыл сайын өткізілетініне сендірді. Алайда облыс әкімі өкілетті мамандардың кекіре қай аудандарды басып алғанын, шаруа қожалықтары арамшөппен күрес үшін не істеп жатқанын және жалпы алғанда бұл проблеманы шешу үшін қандай жұмыс атқарылып отырғанын анықтауын талап етті.