Павлодар облысында ер адам суға кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Усолка өзеніне шомылуға барған 1986 жылғы ер адам суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Павлодар облысында ер адам суға кетті

Оқиға бейсенбі күні, 11 тамызда болған. Ер адам тыйым салынған жерге шомылуға барған. Оның денесін ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тауып, судан алып шықты.