Павлодар облысында фермерлердің блокпосттардан өтуіне өтініштерін тіркеу жүйесі енгізілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында фермерлердің блокпосттардан өтулері үшін рұқсат алу өтініштерін тіркеу жүйесі енгізілді. Өңір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бұл жүйенің артықшылықтарын жоғары бағалауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Фирма Арго» ЖШС директоры Олег Литвиненконың сөзіне қарағанда, бұл өте ыңғайлы, әрі тиімді. - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егістік жұмыстары кезінде автокөліктердің блокпосттарынан өтуді жеңілдету жүйесін қосу туралы шешім қабылдады, - дейді Олег Литвиненко. – Бұл функция біздер бұрыннан субсидияға өтініш жолдайтын пайдаланатын порталда орналастырылды. Кеше ол алғашқы рет Павлодар облысында сыналды. Біздің өтініш-тілектеріміз ескерілгеннен соң, бұл жүйе басқа облыстарда да қосылды. Фермердің сөзінше, өтініш жолдау үшін небәрі электрондық қолтаңба ғана керек. Барлық процесс екі-ақ минут уақыт алады. - Бұл жұмысымызды едәуір жеңілдетті, - дейді Олег Литвиненко. - Өйткені, портал иелері аталған функцияны ҚР ІІМ «Сергек» жүйесімен ұштастыра білді. Ендігі уақытта бізге ауыл шаруашылығы тауар өндіруші екендігімізді қайта-қайта түсіндірудің қажеті жоқ. Біз туралы барлық мәлімет электрондық форматта сақтаулы.