Павлодар облысында қақаған аязда жолда қалған 16 адам құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінің жанында тұрып қалғанToyota Caldina автокөлігінің жолаушылары 5 ақпан күні сағат 22.50-де жылыту пунктіне жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Астана - Ерейментау - Шідерті республикалық тас жолы ауа райына байланысты жабылғаны белгілі. Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түріне шектеу қойылғанына қарамастан Toyota Caldina автокөлігімен төрт адам Астана қаласына жолға шыққан. Бұдан басқа, сағат 23.30-те кезекшілік бөліміне Железин ауданының Железин ауылында «Mercedes-Benz Sprinter» маркалы автобус № 1 мектеп интернатындағы жылыту пунктіне жеткізілгені туралы хабарлама түсті»,- дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ Омбы - Павлодар бағытында жолға шыққан көлікте 12 адам болған. Оның төртеуі - Ресей Федерациясының азаматтары. Бәрі де құтқарылды.

Айта кетерлігі, кеше республикалық маңызы бар және облыстық жолдардың жабылуына байланысты барлық бағытта дизельді және қоғамдық көліктерге шектеу қойылды.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін өңірде желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар