Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала аттан құлап, мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қайғылы жағдай Павлодар облысының Ақтоғай ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала аттан құлап, мерт болды

«16 маусым күні Павлодар қалалық полициясына шаһардағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қаза тапқан туралы хабар түсті»,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«15 маусым күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Бесталап ауылында сағат 12:30-да кәмелетке толмаған бала аттан құлады. Оны көргендер бар»,-деп мәлімдеді вдомстводан.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.