Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Павлодар облысы жолдарында жол апатын азайту, автокөлік қатысуларымен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында, ағымдағы жылғы қазанның 18-25-і күндері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен Жанна Біләлова.

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді

Алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні полиция қызметкерлері 292 жол жүру ережелерінің бұзушылығын анықтады. Соның ішінде 28 жүргізуші тиесілі құжаттарсыз автокөлік рөліне отырған, 29 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін қолданбаған, 17 жүргізуші автокөліктерін алкогольді мас күйінде басқарған, 15 жүргізуші ұялы телефондарымен сөйлескен және 11 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбеген.

Сонымен қатар, өңірдің полиция қызметкерлері жолаушы көліктерінің жүргізушілері жол берген 7 ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады. Ал 2 бұзушылыққа мемлекеттік автокөлік жүргізушілері жол берді.

Одан басқа, 55 апаттық-қауіпті учаскелер және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары тексерілді, нәтижесінде 1123 ақау анықталды.

Сонымен қатар, жол полициясы және Павлодар қаласы ІІБ криминалды полиция қызметкерлері еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын 17-23 жас аралығындағы Астана қаласының тұрғындарын ұстады, олар ағымдағы жылдың 14 қазанында облыс орталығында Абай көшесі бойындағы дүкенде сатушыдан ашық түрде 130000 теңге сомаға мүлікті иеленген. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталынғандардың біреуі қамауға алынды, екеуіне қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат- бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ақсу қаласында Энтузиастар көшесі бойындағы №9 үйдің ауласында жол полициясы қызметкерлері кәсіби лицейдің 23 жасар студентін ұстады, одан «поджиг» типті қолдан жасалған тапанша тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес атуға жарайтын оқ-дәрі қаруы болып табылады. Дәрімен ататын қаруды дайындау, заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанға қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат- бұлтартпау шарасы таңдалды.