Павлодар облысында көлік қаққан зейнеткер оқиға орнында жантәсілім етті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында көлік қағып кеткен зейнеткер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысында көлік қаққан зейнеткер оқиға орнында жантәсілім етті

«Көлік айып тұрағына қойылды. 2020 жылғы 18 қазанда сағат 20.15-те Омбы – Майқапшағай тас жолында «Лада Гранта» автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерде өтіп бара жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында жантәсілім етті», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері 165 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам қаза тапқан, 152 жаяу жүргінші әртүрлі дене жарақаттарын алды.