09:15, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Павлодар облысында көліктік тасымалдардың көлемі бірінші жартыжылдықта 30,9 пайызға өсті
ПАВЛОДАР. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жүк тасымалдарының көлемі бірінші жартыжылдықта өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 30,9 пайызға өсіп, 44,6 млн. тоннаны құрады,

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Жүк айналымы 12,5 млрд. тонна-шықырымды құрады - өсім 19,1 пайыз болды. Бұл ретте автомобиль көліктерінің жүк айналымы екі есеге, 6 млрд. тонна-шақырымға дейін көбейді.
Облыстағы жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға көбейіп, 10,3 млрд. жолаушылар-шақырымын құрады. 558,2 млн. жолаушылар тасымалданды.