Павлодар облысында көмір арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қатты отынның құны бақылауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 
None
None

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов айтты.

«Бүгінгі таңда көмір жеткізушілер қатты отынның бағасын айтарлықтай төмендеткені байқалып отыр. Мысалы, облыс орталығында «Майкөбе» маркалы көмірдің бір тоннасының бағасы 9 900 теңге, ал «Шұбаркөлдікі» - 14 мың теңге. Бұл бұрынғы бағалардан 17% арзан», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, 2018 жылы 10-31 желтоқсан аралығында «Элит KZ» ЖШС майкөбелік және шұбаркөлдік көмірдің құнын төмендеткен.

Осы қағиданы «А-Вест Павлодар» ЖШС мен «Гарета» ЖК кәсіпорындары да ұстанған. Оларда «Майкөбе», «Қаражыра» көмірлерінің құны 11,5% және «Шұбаркөлдікі» 5,5% дейін төмендетілген.

Соңғы жаңалықтар