Павлодар облысында коронавирус жұқтырған әйел бұрын ауырғандармен байланыста болған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 17:50-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында 1 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«COVID-19-ды Павлодар қаласында тұратын 1965 жылғы әйел адам жұқтырған. Науқас коронавирус инфекциясы тіркелген адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған. Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған»,-делінген Төтенше жағдайды қамтамасз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 95 адам тіркелген.