Павлодар облысында коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала босанды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел әйел дені сау баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала босанды

«2000 жылғы пациентте 24 сәуір күні COVID-19 инфекциясы расталған, тап сол күні аталмыш пациент ер баланы дүниеге әкелді. Салмағы - 3660 грамм», деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Роды были приняты в хирургическо-акушерском госпитале, развёрнутом специально для проведения хирургических вмешательств и принятия родов у пациентов с подтвержденным КВИ», - говорится в сообщении.

КВИ расталған пациенттер арнайы жабдықталған хирургиялық-акушерлік госпитальда босанады.

Алгоритмге сәйкес нәрестеден анализ алынды, нәтижесінде теріс көрсеткіш анықталды, яғни індет жұқтырмаған, - дейді баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің денсаулығы бірқалыпты, тұрақты. Пациент инфекциялық стационарға ауыстырылып, нәресте дәрігерлердің бақылауында болады.