Павлодар облысында көтерме саудагерлер қарақұмық бағасын көтерді

2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы қаңтар-ақпанда қарақұмық жармасына көтерме саудада сатушылардың бағаларды өсіруі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілері бойынша «Grano-PV» ЖШС және «Царская каша KZ» ЖШС-не хабарлама жіберілді.
- «Grano-PV» ЖШС және «Царская каша KZ» өндірістің өндірістің толық өзіндік құнының динамикасы мен босату құны сараптамасының қорытындысы бойынша қарақұмық жармасының өзіндік құнының босату бағасының өсу қарқынының асып түскені байқалады. Павлодар облысының көтерме сауда жеткізушілері тарапынан қарақұмық жармасына бағалардың бір мезгілде және пропорционалды емес өсуінен көрінетін көтерме сатушылардың қолда бар мәліметтерін алдын ала зерделеу бағаларды белгілеу және (немесе) қолдау бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерінің болуын көрсетеді, - деп атап өтті бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінде.
Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы негізінде өңірлік монополияға қарсы департамент «Grano-PV» ЖШС және «Царская каша KZ» мекенжайына бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді. Сондай-ақ, кәсіпорындар қарақұмық бағасын төмендетуі керек.
Хабарламаны орындау мерзімі – оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Бұл тапсырманы орындамаған жағдайда кәсіпорынға қатысты тергеу жүргізіледі.