Павлодар облысында құрылыс саласындағы орташа жалақы - 165 мың теңге
- Оған жалдамалы қызметкерлердің жалпы санынан 13,8 мың адам жұмылдырылған, - дейді өңірлік статистика департаментінде. - Бұл облыстың жалдамалы қызметкерлердің жалпы санынан 5,5%-ын құрайды. Былтыр олар 2017 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық, 198 млрд теңгеге жұмыстар (қызметтер) орындаған.
Құрылыс саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 165533 теңгені құрады. Бұл облыстың орташа айлық жалақысынан 16,6% артық. Облыс көлеміндегі мердігерлік жұмыстардың негізгі үлесі (92,4%) жеке меншік нысанындағы кәсіпорындарға тиесілі. Мердігерлік жұмыстар құрылымында 80,2%-ды құрылыс-монтаждау жұмыстары, 19,8%-ын күрделі және ағымдағы жөндеу құрады.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі үлкен үлес салмағын келесі жұмыстардың түрлері алды: жолдар мен автомагистральдар құрылысы (36,3%), 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда тұрғын емес ғимараттардың құрылысы (12,7%), сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлардың құрылысы (11,6%).
Облыс көлемінде орындалған жұмыстар бойынша ең жоғары көрсеткіш - 33,2% Павлодар қаласына тиесілі.