Павлодар облысында КВИ жұқтырушылар саны азайып келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Павлодар облысында 130 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті.
«Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 837 жағдай тіркелді. Павлодар облысында жұқтырғандар саны - 130. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 201 801-ге жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда 1024 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Павлодар облысында жазылып шыққандар саны - 201», - деді комиссиядан.Айта кетейік, Павлодар облысында 10 ақпанда - 180, 11 ақпанда - 163, 12 ақпанда - 150 адамнан коронавирус арнықталған болатын.
Еске салайық, осы уақытқа дейін Павлодар облысында 16230 адамнан КВИ анықталған. 15325 адам індеттен жазылып шықты.