Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
None
Фото: pavlodarnews.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған.

«Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды», - делінген хабарламада.

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.

Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.


Соңғы жаңалықтар