Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты. Оқыс оқиға Ленин – Курчатов автожолының бойында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні сағат 14.15-те Май ауданы Еңбекші ауылының маңында 49 жастағы мотоцикл жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылып қалған.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.

Сондай-ақ сағат 19.00-де Павлодар қаласында Катаев – Толстой көшелерінің қиылысында «Митсубиси Делика» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан облыс аумағында 125 ЖКО тіркелген, салдарынан 7 адам қаза тауып, 191 адам жарақат алған.