Павлодар облысында мыңдаған майқайыңдықтар сусыз отыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданы Майқайың кентінің су қоймасына бір аптадан бері су келмеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Ондаған мың адам тұратын Майқайың кентінде жеті күннен бері тәулігіне екі сағаттан екі рет қана су беріліп жатыр. Тұрғындар Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-шаруашылығы басқармасына барғанда, оларға жазбаша түрде сумен жабдықтаудың қалпына келтірілгенін хабарлаған. Майқайың тұрғындары осы мәселеге орай облыс әкімі Болат Бақауовқа өтініш жолдады.

Майқайыңның су қоймасына төртінші шілдеден бастап су келмеген. Сумен жабдықтау желілері «Серпiлiс» МҚК-ның қарамағында болған. Алайда олар өздерін банкрот деп жариялаған. Әзірге тұрғындарды сумен «Майқайыңалтын» АҚ қамтамасыз етуде.

«Сумен қиындық туындағанда, кент әкімі «Майқайыңалтын» АҚ басшысымен бірге Екібастұздағы монополистке барған, алайда кездесу болған жоқ. Желідегі апат олардың аумағында болған. Барлығы соларға байланысты», - деді Майқайың кенті әкімінің орынбасары Гүлмира Кенжебекова.

Соңғы жаңалықтар