16:34, 29 Наурыз 2021 | GMT +5
Павлодар облысында оқушылар 4-тоқсанда қалай оқиды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Батырбек Әлиев өңір оқушыларының 4-тоқсандағы оқуына қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған құжатқа сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысының талаптарын сақтай отырып, барлық сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға, 300 адамға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту балалар санын 25 адамнан асырмай рұқсат беріледі.
Сонымен қатар білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен оқушыларды сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуға болады.
Аталған қаулы 2021 жылдың 1 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.