Павлодар облысында өрт егде жастағы ер адамның өмірін қиды
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні сағат 17.20-да Павлодар облысының Ақсу ауданы, Парамоновка ауылында 4 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты,
деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Өрт сағат 20.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 9 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар өрт орнында егде жастағы ер адамның мәйітін тапты.