Павлодар облысында өрт кезінде екі егде адам қаза тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қаласында өрт ауыздықталғаннан кейін егде жастағы ер адам мен әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Павлодар облысында өрт кезінде екі егде адам қаза тапты

«Ақсу қаласында Б.Момышұлы көшесіндегі жеке үйден өрт шықты. Өрт 08:04-те ауыздықталып, 09:20-да сөндірілді. Өрттің аумағы 80 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерден екі адамның денесі табылды: 1930 жылғы ер адам мен 1962 жастағы әйел», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ТЖД өкілдері.

Өртті сөндіруге жеке құрамның сегіз қызметкері мен екі техника, кезекші тергеу-жедел тобының жеті маманы тартылды.