Павлодар облысында өртте үш адам қаза тапты - ТЖМ

АСТАНА.Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өртте үш адам қаза тапты.

Павлодар облысында өртте үш адам қаза тапты - ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, кеше, тамыздың 30-ы күні түнде, Павлодар ауданы Қарағайлы ауылдық округінде орналасқан саяжайлардың бірінде өрт болып, ол 40 шаршы метр аумаққа жайылған.

Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында туған жылдары анықталмаған үш азаматтың денелерін тапты.

Жалын облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техниканың күшімен 4 сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді.