11:35, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодар облысында өрттердің саны қысқарды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында өрттердің саны өткен жылмен салыстырғанда үш есе қысқарды.
Негізгі себеп - қолайлы, салқын, жауынды ауа райы деп санайды өрт сөндірушілер.
«600-ге жуық өрт ошақтары тіркелді, алты адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Орман алқаптарындағы жағдай да жақсарған, дегенмен 100 гектар қарағайлы орманы өртке оранды», - деді облыстық өрт сөндіру мекемесінің бас инженері Мейрам Өзқанов.