Павлодар облысында полиция қызметкері өз үйінде асылып қалды

None
АҚСУ. ҚазАқпарат - Ер адамның мәйіті мал қорасынан табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінен табылған.

Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан.

– Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.


Соңғы жаңалықтар
telegram