Павлодар облысында разрезде жұмыс істеп жатқан механик қаза тапты

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда қаза тапқан механиктің өлімінің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

Павлодар облысында разрезде жұмыс істеп жатқан механик қаза тапты

Марқұм циклдік ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 11:35-те «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінде адам өлімімен аяқталған апат болған.

- Жөндеу жұмысы кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі электромеханикті № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған, - дейді департамент.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын хабарлаған болатын.





Фото: pavlodarnews.kz