Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске жауапты мекемелер бекітілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске жауапты мекемелер бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, Ертіс өзенінің оң жағалауындағы 36 млн шаршы метр су жайылатын алқаптан жыл сайын шыбын-шіркейлер ұшып шығады. Өткен жылы бұл жұмыстар өз уақытында жүргізілмеген, қалада мердігер мүлдем анықталмаған.
- Біздің басты міндетіміз – шыбын-шіркейлердің басым бөлігін дернәсіл кезінде жойып, популяцияны 90 пайызға дейін азайту. Оларды толығымен жою мүмкін емес. Шыбын-шіркейлер табиғаттың бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ тірі организмдердің бір түрінің 100 пайыз жойылуы экожүйеге зиянын тигізеді, - деді әкімдікте.

Қала әкімдігі өткен жылдардағы қателіктер негізінде дайындық жұмыстарын жүргізгендерін атап өтті. Алдымен дезинсекциялық жұмыстарға тартылған 3 мемлекеттік орган арасында жауапкершілік аумақтары нақты бөлінді:
1) Облыстың жер қойнауын пайдалану басқармасы (бұдан әрі – ЖҚПҚОжСРБ);
2) Павлодар қаласының ТҮКШ бөлімі;
3) Павлодар қаласының ауылдық округтерінің әкімдіктері.
ЖҚПҚОжСРБ «QSM Engineering» ЖШС мердігермен Ертіс өзені мен оның салаларын, өзен портынан Усолка шағын ауданындағы көпірге дейінгі барлық жайылма алқабы мен жағалау бойындағы дезинсекциялық жұмыстар жүргізеді.
Қалалық ТҮКШ бөлімі «Мурзастрой» ЖШС мердігермен қала аумағындағы барлық 44 саябақ пен скверді, жағалау бойымен орамішілік аумақтар (Усолка, Жаңаауыл, Зеленстрой, 2-ші Павлодар шағын аудандарын, Яблонька, Металлург, Энтузиаст саяжайларын, және 5 су айдынын қоса алғанда) өңдейді.
Ауыл әкімдіктері (тиісті ауылдық округтердің аумақтары):
Жетекші, Кенжекөл және Павлодар ауылдары «Cash Trade-KZ» ЖШС мердігермен;
Ленин кенті «Желдордезинфекция» ЖШС мердігермен;
Мойылды ауылы «ИнжСтройПроект» ЖШС мердігермен жұмыс жасайды.

- Бүгінгі таңда бірлескен іс-қимыл алгоритмі бекітілді. Қамысты шабу, жағалау бойын тамырдан тазарту, үйлердің жертөлелерін өңдеу сияқты дайындық іс-шаралары жүргізілді. Препараттар сатып алынды және техника дайындалды, - деді әкімдікте.


Соңғы жаңалықтар