Павлодар облысында соттар қараған даулардың үштен бірі тараптардың татуласуымен аяқталады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында соттар қараған даулардың үштен бірі тараптардың татуласуымен аяқталады. Бұл туралы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

Павлодар облысында соттар қараған даулардың үштен бірі тараптардың татуласуымен аяқталады

Сот медиациясы институты іске қосылғанын еске салып өткен ол, қоғамдық келісімді нығайту мен бітімге келу рәсімдерін дамыту мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ жанында Медиация орталығы құрылғанына тоқталды.

«Бұл өз кезегінде медиатордың қатысуымен дауласқан тараптардың арасында барлық даулы мәселелерді сотқа дейін реттеу үшін құрылған диалог алаңы. Медиация кабинеттері аудандық және ауылдық округтер әкімдіктерінде де ашылды», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар қазіргі кезде облыста сот отырыстары өтетін 92 залда дыбыс және бейне жазбамен қамтамасыз ету құралдары орнатылғанын атап өтті. 2015 жылы аталған жүйені пайдалану арқылы қаралған істер 28 есеге өскен көрінеді.